Қазпошта ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап марка шығарды

1196

Қазпошта ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап марка шығарды

15 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына пошталық марка шығару және маркаға мөр басудың салтанатты рәсіміне арналған баспасөз конференция өтті.  

Пошталық маркаға мөр басу салтанатына "Самрұқ Қазына" компаниялар тобында 25 жыл бойы қызмет атқарып, экономикалық маңызы бар салаларды дамытуға өз үлестерін қосқан қызметкерлер қатысты. Мөр басу рәсімін "Қазпошта" АҚ, "Казақтелеком" АҚ, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК АҚ және "Қазақстан Темiр Жолы" АҚ қызметкерлері өткізді.

"Бүгін біз телефондық байланыс, темір жол және атомдық энергетика салаларының қызметкерлерімен бірлесе Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай шығарылған пошталық марканы айналымға енгіздік. Мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдарында өткен жолын біздің қызметкерлеріміз де өтті. Мөр басу рәсіміне қатысқандардың әрқайсысы өмірінің 25 жылын еліміздің өркендеуіне арнады", – деді "Қазпошта" АҚ басқарушы директоры Сауле Егембердиева.

Марканың басылымы төрт бояулы, офсетті баспа, перфорациясы жоталы. Суретші Ксения Плужникова. Шығарылым түрі – 20 маркадан тұратын маркалы парақ. УК – бояулы қорғанысы бар элементтер қолданылған. Пошталық марка "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот Фабрикасы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды.

1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң қабылдады. Сол күннен бастап өз конституциясы, валютасы мен ішкі және сыртқы саясаттағы даму бағыты бар егеменді мемлекеттің қалыптасуы басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу