"Халық банкі" мен "Қазпошта" арасында ындымақтастық жөнінде өзара меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды abctv.kz.
Оған сәйкес, енді Қазақстанның шалғай ауыл аймақтарында, яғни банк бөлімшелері жоқ жерлерде "Қазпошта" қызметі "Халық банктің" міндеттерін атқаруы тиіс. Онда депозит ашу, несие беру, төлем жасау сынды қаржылық операциялар орындалады.
Айта кетсек, "Қазпошта"-ның республика бойынша 3400 бөлімшесі бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу