Қазпошта күніне 30 мыңнан астам сәлемдеме жеткізеді

638

Қазпошта күніне 30 мыңнан астам сәлемдеме жеткізеді

"Қазпошта" Қазақстан бойынша күніне 30 мыңнан астам сәлемдеме жеткізеді. Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында "Қазпошта" АҚ-ның бизнес жөніндегі басқарушы директоры Азат Машабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, трансформация қолға алынғаннан бері "Қазпошта" АҚ айтарлықтай өзгерді. Компания сәлемдемелерді беру үшін 130 почтоматты және 47 супермаркетті ашты, агенттік бизнесті іске қосты. Бүгінде Қазпошта бөлімшелері арқылы 1 мыңнан астам несие рәсімделді. Поштаның көлемі де қарқынды түрде артып келеді. Қазақстан бойынша күніне 30 мыңнан астам сәлемдеме жеткізіледі.

"Көпшілік жұмыстағы ерекшеліктер жайлы біле бермейді. Әлем бойынша жеткізілімдер тіркелетін және тіркелмейтін болады. Тіркелетін дегеніміз - сәлемдемені жеткізудің барлық кезеңінде трекинг арқылы көру мүмкіндігі. Ал тіркелмейтін сәлемдемелер салмақпен есептелінеді және қадағаланбайды. Бұл жөнелтілімнің арзан түрі және біздің жалпы көлемнің 70 пайызын құрайды. Сондықтан барлық жөнелтілімдерді тіркеу шешімін қабылдадық",- деді ол.

Азат Машабаевтың атап өтуінше, Қазпошта көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында қызметкерлерге ұқыпты өндірістің қағидаларын меңгертіп, сұрыптау барысын автоматтандырды. Оның есебінен сұрыптау  орталығының өткізу қабілеті 30 пайызға ұлғайтылды, сұрыптау кезіндегі  қателіктер 99 пайызға жойылды және Қазақстан бойынша жеткізудің орташа мерзімі 11-ден 6 күнге дейін қысқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу