Қазпошта өз қызметтерінің бағасын қымбаттаты

1073

1 қаңтардан бастап сәлемдеме жөнелту құны 250 теңгеге өсті.   

Қазпошта өз қызметтерінің бағасын қымбаттаты

Қазпошта өз қызметтерінің бағасын көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

1 қаңтардан бастап сәлемдеме жөнелту 250 теңгеге қымбаттады. "Қазпоштаның" call-орталығы қызмет құнының жыл сайын көтерілетініне сілтеме жасап, бұл ақпаратты растады.

Сәлемдемені жөнелту құны оның салмағына байланысты:

0,5-тен 1 кг-ға дейін – 1 100 теңге;

1-ден 2 кг-ға дейін – 1 200 теңге;

2-ден 3 кг-ға дейін – 1 300 теңге;

3-тен 6 кг-ға дейін – 1 500 теңге;

6-дан 9 кг-ға дейін – 1 800 теңге;

9-дан 12 келіге дейін – 2 500 теңге;

12-ден 14 келіге дейін – 2 800 теңге.

2020 жылдың қорытындысы бойынша "Қазпочта" АҚ шығыны 5,2 млрд теңгені құрады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу