Қазпошта Рио Олимпиадасының жүлдегерлеріне арнап пошталық маркалар шығарды

1047

Қазпошта Рио Олимпиадасының жүлдегерлеріне арнап пошталық маркалар шығарды

"Казпошта" АҚ ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетімен бірлесе "Спорт" топтамасындағы "Рио-де-Жанейродағы XXXI-ші Олимпиадалық ойындар" тақырыбындағы маркаларды пошталық айналымға енгізді.

Маркаларға мөр басу салтанатына Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жүлдегерлері, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілдері, ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің өкілдері, "Қазпошта" АҚ өкілдері және филателистер қатысты.

"Төрт жыл сайын қазақстандықтар Олимпиада ойындарындағы біздің атлеттерімізге жеңіс тілеп, олардан медальдар күтеді. Спортшыларымыздың жеңісіне сенген халықтың ниеті үнемі ақталуда. Біз жеңімпаздарымыздың құрметіне маркаларды шығаруды жоспарлап, реттеушілерге жібердік. Жалпы спортшыларға арналған маркаларды осыған дейін де шығарғанбыз. Алдында Геннадий Головкинге арналған маркалық блокты айналымға енгіздік" –  деді "Қазпошта" АҚ атқарушы директоры Әсет Тұрысов.

Пошталық маркалардың бетінде 2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен XXXI-ші Олимпиадалық ойындардың алтын және күміс жүлдегерлері: Данияр Елеусінов, Дмитрий Баландин, Нижат Рахимов, Гузель Манюрова, Жазира Жаппарқұл, Василий Левит, Елдос Сметов, Әділбек Ниязымбетов бейнеленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу