Қазпошта сәлемдемелерді үйге дейін жеткізетін болады

977

2020 жылы еліміздің тұрғындары "Қазпошта" АҚ қарасты сәлемдемелер супермаркеттері арқылы 11,2 млн тіркелген пошта жөнелтілімдерін алған. 

Қазпошта сәлемдемелерді үйге дейін жеткізетін болады

Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 4 млн жуық сәлемдеме берілген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 500 мыңға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазпошта" АҚ "GoPost Home" жобасын қолға алып отыр. Оның аясында клиенттер сәлемдемелер супермаркетіне бармай-ақ, сәлемдемелер мен ұсақ пакеттердің үйге дейін жеткізілуіне тапсырыс береді.

Бүгінде "GoPost Home" қызметі пилоттық түрде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жүзеге асырылуда. Оның ішінде бұл қызмет – елордада Орталық операциялық учаскеде және №20 қалалық пошта байланысы бөлімшесінде, ал Алматыда Орталық операциялық учаскеде қолжетімді.

Бір мекенжайға 5 сәлемдемеге тапсырыс беруге мүмкіндік бар. Бұл жағдайда біріншісінің жеткізу құны 1 000 теңгені құраса, қалған сәлемдемелердің әрқайсысы үшін тек 200 теңге төлеу қажет.

Қазіргі таңда бұл қызмет Telegram-бот @KazPostBot арқылы қолжетімді. Клиенттің сәлемдемесі супермаркетке келген кезде оған аталған мессенджер арқылы хабарлама жолданады. Егер оның тарапынан сағат 16:00-ге дейін үйге дейін жеткізу расталса, сәлемдеме сол күні қолға тапсырылады.

Алдағы уақытта "GoPost Home" қызметі WhatsApp каналы және 1499 байланыс орталығы арқылы қолжетімді болады.

Бүгінде "Қазпошта" АҚ қарасты сәлемдемелер супермаркеттерінің саны 237-ге жетті. Оның 127 қалаларда, қалған 110 аудандар мен ауылдарда орналасқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу