Қазпоштадан 1 миллион теңге ұрлағандар іздестіріліп жатыр

628

Қазпоштадан 1 миллион теңге ұрлағандар іздестіріліп жатыр

Ақмола облысындағы "Қазпошта" АҚ-ның бөлімшесіне бетперде киген белгісіз екі адам қорқыту арқылы кассирден ақша тартып әкеткен, деп хабарлайды Интерфакс.
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің берген мәліметі бойынша, сейсенбі күні белгісіз екі адам Көкшетаудағы "Қазпоштаның" бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасап, 1 миллион теңгені тартып әкеткен.

 Бөлімше ғимараттың екінші қабатында орналасқан. Ал бірінші қабатында полицияның тірек пункті мен медициналық мекеме орналасқан.

Бұл күні адамдар поштадан зейнетақы алуға келген екен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу