Қазпоштаны тонағандар ұсталды

716

24 ақпанда пошта бөлімшесінен 300 миллион теңге ұрланған болатын.

Қазпоштаны тонағандар ұсталды

Жаркент қаласындағы "Қазпошта" бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды. ҚР ІІМ-нің ҚР ішкі істер министрінің кеңесшісі – ресми өкіл Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ішкі істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, 24 ақпанда пошта бөлімшесінен 300 миллион теңге ұрланған болатын.

"Қылмысқа қатыстыларды анықтау жұмыстарына өңірдің барлық полиция күштері жұмылдырылды. Соның нәтижесінде қылмыс жасауға күдікті деген Жаркент қаласының екі тұрғыны анықталды. Ұрланған ақша күдіктілердің біреуінің үйінде арнайы жабдықталған құпия жерде және шаруашылық үй-жайдан табылды. Аталған факті бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде және ол ІІМ-нің бақылауына алынған", – деді баспасөз қызметінің мамандары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу