"Қазпоштаның" цифрлық кеңселері ашылып жатыр

823

"Қазпошта" сәлемдемелерді жеткізу мерзімін үш күнге қысқартады.

"Қазпоштаның" цифрлық кеңселері ашылып жатыр

"Қазпошта" АҚ 2017 жылдан бері сәлемдемелерді жеткізу мерзімін 16 күннен 6 күнге дейін қысқартқан. Компания жеткізудің осы жаздан бастап тағы үш күнге қысқаратынын хабарлады.

"Қазір біз ауқымды жұмыстар жасап жатырмыз. Шамамен жаздың ортасынан бастап сәлемдемелерді жеткізу мерзімі 3 күнге дейін қысқартылады. Кез-келген сәлемдеме үш күнде жетуі керек", – деді басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов РrimeМinister.kz-ке берген сұхбатында.

Компания басшысы сондай-ақ қызметкердің қатысуынсыз, автоматтар арқылы қызметтерді ала беруге болатын цифрлық кеңселер ашылып жатқаны туралы хабарлады. Бұған қоса, жаңа қызмет – әмбебап агент пайда болған.

"Қазпошта" АҚ ауылдық жерлерде клиенттерге әртүрлі қызмет түрлерін – ХҚКО, медициналық ұйымдар, білім беру мекемелері және өзге де көптеген қызметтерін қашықтан алуға мүмкіндік беретін жабдықтарын орнатып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу