"Қазпоштаның" екі қызметкері 37 миллион теңгеден астам ақша ұрлаған

858

Операторлар 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 

"Қазпоштаның" екі қызметкері 37 миллион теңгеден астам ақша ұрлаған

Сондай-ақ оларға қаржылық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты қызметтерді атқаруға өмір бойына тыйым салынады, деп жазады inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сотталғандар ЖШС шотына салуға деп өткізілген ақшаны 4 жыл бойы ұрлап келген. Барлығы 37 миллион теңгеден астам ақша ұрланған.

Сонымен қатар олар 2013-2020 жж ішінде құжаттарды қолдан жасау арқылы зейнеткердің 1,2 млн теңгедан астам қаражатын иемденіп алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу