"Қазпоштаның" мәліметтер базасы 25 000 долларға онлайн сатылуда

719

Бұл туралы Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы хабарлады, деп жазды inbusiness.kz

"Қазпоштаның" мәліметтер базасы 25 000 долларға онлайн сатылуда

"Хакерлер форумдарының бірінде "Қазпочта" АҚ деректер базасының резервтік серверіне кіру сатылымға шығарылды", – деп жазды Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы Facebook желісінде.

Хабарландыруда деректер базасының жалпы көлемі 110 ГБ болатын 44 кестеден және шамамен 12 млн жазбадан тұратыны айтылған.

Мәліметтер қоры мына ақпаратты қамтиды:

 - Пошта деректері;
 - Автокөлікті сақтандыру;
 - Несие алуға өтініштер;
 - Депозиттер;
 - Ақша аударымдары;
 - Шоттар мен карталарды ашу;
 - Қызметкерлер туралы ақпарат (лауазымы, аты-жөні, мекен-жайы, телефоны).

"Негізгі жеке деректер – толық мекен-жайы, телефон нөмірі, толық аты-жөні, туған күні, төлқұжат мәліметтері, пошта, автосақтандыру полисі, ішінара карта нөмірлері және т.б. жарияланған үлгі деректер базасын тексерді және ол шынымен де Қазпоштадан тарағанға ұқсайды", – деп хабарлады орталық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу