"Қазселденқорғау": ШҚО филиалының директоры жұмысқа адамды тіркеп, жалақыны өзі алған

118

"Қазселденқорғау" мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры 3 жылға бас бостандығынан айырылды.   

"Қазселденқорғау": ШҚО филиалының директоры жұмысқа адамды тіркеп, жалақыны өзі алған Фото: arasha.kz

Бұған қатысты іс Өскемен қалалық №2 сотында қаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі ШҚО филиалының басшысы болған сотталушыға Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша (Қызметтік бабын пайдалана отырып жасалған алаяқтық) айып тағылды.

"Мекеме басшысы Т. есімді азаматты жұмысқа филиал бақылаушысы лауазымына алған. Алайда, ер адам ешқандай жұмыс істемеген. Ал, оның ай сайынғы жалақысын филиал басшысы алып отырды. Осының салдарынан мемлекетке келтірілген шығын зейнетақы жарналарын есепке алғанда 2 734 881 теңге болды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, мемлекетке келтірілген залалды толықтай өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу