"Қазсушар" 7 жоба әзірлеп, 600 млн теңгеге жуық қаржы үнемдеді

140

Қазір барлық жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп, оң қорытынды алды. 

"Қазсушар" 7 жоба әзірлеп, 600 млн теңгеге жуық қаржы үнемдеді Фото: gov.kz

"Қазсушар" РМК өз күшімен магистральдық каналдарды реконструкциялау бойынша 7 жобаны әзірледі. Бұл кәсіпорынға 583,2 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жобалардың алтауы Жамбыл облысының Байзақ және Жамбыл аудандарындағы магистральдық каналдарды бетондау жұмыстарын қамтиды. Ал бір жоба Павлодар облысындағы Қ. Сәтбаев атындағы каналдағы бөгеттердің бірін реконструкциялауға бағытталған.

"Жобаларды кәсіпорын мамандары өздері, үшінші тарапты тартпай-ақ әзірледі. Бұл қомақты қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар қаржы-шаруашылық қызметті оңтайландыру аясында "Қазсушар" РМК техника паркі 27%-ға жаңартылды. Соның арқасында техниканы жалға алу шығыны 85%-ға қысқарып, оны жөндеуге кететін шығын екі есе азайды", – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу