"Қазсушар" компаниясы ШҚО-да сегіз жыл бұрынғы жұмысты аяқтай алмай отыр

595

Шығыс Қазақстандағы "Қазсушар" компаниясының бөгеттері мен су қоймаларын қалпына келтіру жұмыстары негізсіз кешіктірілуде, бұл жобаның қымбаттауына және шаруалардың шығынына әкеліп соқтырады. 

"Қазсушар" компаниясы ШҚО-да сегіз жыл бұрынғы жұмысты аяқтай алмай отыр

Бұл туралы депутаттық сауалында сенатор Дүйсенғазы Мусин мәлім етті, деп жазады inbusuness.kz тілшісі. 

Депутаттың айтуынша, 2014-2016 жылдары 5 бірдей жоба бойынша гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға тиіс еді, бірақ жұмыс әлі аяқталмаған.

Шығыс Қазақстан облысы басшылығының өтініштерінен кейін сенатор кәсіпорынды аралап, жағдаймен сол жерде танысты. Мәселен, жөндеу жұмыстарының негізсіз кешігуіне байланысты Зайсан ауданындағы Үйдене су қоймасын қалпына келтіру құны 851 миллион теңгеге өсті, ал Қарғыба өзеніндегі бөгетті жөндеу 320 миллион теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

"Осы жобалардың уақытылы аяқталмауына байланысты 28 646 гектар суармалы жер көп жылдар бойы тиімді пайдаланылмай, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қаржылық жағдайына және ондаған елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық жағдайына үлкен нұқсан келтірді. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, суармалы жерлерді тиімді пайдалану мақсатында аталған жобаларды аяқтауды қаржыландыруды қарастырып, шешімін табуға көмектесуіңізді сұраймын", – деп түйіндеді сөзін депутат.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу