“ҚазТемірТранс” лауазымды тұлғаларын заңсыз байытудың қылмыстық схемасы әшкереленді

554

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінен хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.   

“ҚазТемірТранс” лауазымды тұлғаларын заңсыз байытудың қылмыстық схемасы әшкереленді Фото: "Қазтеміртранс"

Ақпаратқа сәйкес, жедел өңдеу нәтижелері бойынша Қазақстан Темір Жолы еншілес кәсіпорындарының бірінің, атап айтқанда Қазақстан Республикасы жүк вагон паркінің ірі операторы болып табылатын "Қазтеміртранс" акционерлік қоғамының лауазымды адамдарын заңсыз байытудың қылмыстық схемасы ашылып, жолы кесілді.

Қоғамның және оның өңірлік филиалдарының лауазымды тұлғалары жүк вагондарының тапшылығын пайдалана отырып, кейбір жағдайларда осындай тапшылықты жасанды түрде жасай отырып, проблемаларды шешудің орнына, осы жағдайды өздерінің пайдакүнемдік мақсаттарында пайдалана отырып, жүк вагондарын кедергісіз және жеделдетіп бергені үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алғаны анықталды.

Тұрақты пара алудың белгіленген схемасына филиалдардың қызметкерлері мен басшылары, сондай-ақ бас кеңсе бөлімшелерінің менеджерлері мен бастықтары қатысты.

Ақша қаражаттары, әдетте, лауазымды тұлғалардың немесе олардың сенімді адамдарының, оның ішінде жақын туыстарының карт-шоттарына аударылып отырған.

Қоғамның Ақмола филиалының бір ғана басшысы 2020 жылдан бастап 70 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз алып, оның басым бөлігін Щучье-Бурабай курорттық аймағының ойын мекемелеріне жүйелі түрде бару арқылы жұмсаған.

Қоғамның Қарағанды филиалының бұрынғы және қазіргі басшылары да осындай қылмыстар жасады деп күдіктелуде.

Барлық аталған адамдар ұсталды және тергеу сотының санкциясымен 2 айға қамауға алынды.

Сондай-ақ, ақшалай қаражатты заңсыз алуда Қызылорда филиалының басшысы мен Қоғамның орталық аппаратының бірқатар қызметкерлері әшкереленді.

Басқа лауазымды тұлғалардың қатысуы тексерілуде.

Айта кетсек, жүк вагондарының уақтылы жеткізілмеуіне байланысты жүк жөнелтуші кәсіпорындар жеткізілімдердің бұзылуына жол береді, үлкен шығындарға ұшырайды және пара беру арқылы өз мәселелерін шешуге жүгінуге мәжбүр. Сонымен бірге, бұл шығындардың барлығы тауарлар бағасының өсуіне әсер етеді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерлерді барлық мәселелерді тек құқықтық салада шешуге шақырады.

Осындай фактілер бойынша ақпарат болған жағдайда Агенттіктің 1424 нөмірі бойынша Call-орталығына хабарласу сұралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу