ҚазТест сертификаттары табысталды

1031

 ҚазТест сертификаттары табысталды

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің №1 оқу ғимаратында ҚазТест жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу өткізілді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау аясындағы тестілеу сынағы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің ұлттық тестілеу орталығы арқылы жүргізілді.
Тестілеудің қорытындысы бойынша В1 (орта), В2 (ортадан жоғары), С1 (жоғары) деңгейлі нәтиже көрсеткен мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлеріне "ҚазТест" сертификаттары табысталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу