"ҚазТрансГаз Аймақ" ұлттық компаниясына ірі мөлшерде залал келтірген қылмыстық топ ұсталды

731

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

"ҚазТрансГаз Аймақ" ұлттық компаниясына ірі мөлшерде залал келтірген қылмыстық топ ұсталды Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Ұлттық компанияның ірі мөлшерде металл тұрбаларын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Индер-Махамбет магистральды газ құбырларын заңсыз шығару арқылы "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ ұлттық компаниясының қорына ірі мөлшерде залал келтірумен байланысты қылмыстық істерді тергеу аясында Атырау облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратура органдарының үйлестіруі бойынша 1978ж.т., 1984ж.т., 1988ж.т., күдіктілерді анықтап, ұстады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігімен, яғни бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Басқа мәліметтер тергеудің құпиялығын қамтамасыз ету мақсатында Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу