ҚазТрансГаз Аймақ 13,023 миллиард теңге несие алатын болды

1123

ҚазТрансГаз Аймақ 13,023 миллиард теңге несие алатын болды

Қазақстанның Даму Банкі ҚазТрансГаз Аймаққа 13,023 млрд теңге сомасында несие береді, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ он елді мекенді (Комсомол, Талдысай, Еңбек, Алтынды, Қосестек, Аққұдық, Ырғыз, Ойыл, Богословка, Жайсан) газбен жабдықтау жобасын іске асыру және Ақтөбе облысының газ тарату желілерін жаңғырту үшін "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ несие желісін ашты. Жобаның жалпы құны 21,772 млрд теңгені құрайды. ҚДБ 10 жылға дейінгі мерзіммен 13,023 млрд теңге сомасында несие ұсынды.

Жоба аясында жалпы ұзындығы 477,4 км газ құбыры салынады, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған газ құбырларының 31,4 км және Ақтөбе мен Қандыағаш қалаларындағы екі автоматтандырылған газ тарату станциясы жаңғыртылады. Жобаны іске асыру нәтижесінде табиғи газбен өңірдің 30 000 астам тұрғынын қосымша қамтамасыз ету жоспарланған. Оған қоса, Жобаны аяқтағаннан кейін жаңа және жаңғыртылған газ тарату желілері бойынша газ тасымалдаудың жалпы көлемі 1,493 млрд м3/жыл құрайды. Жоба аясында Ақтөбе облысының газбен жабдықталған халқының үлесін 2020 жылға қарай қазіргі 85% деңгейден 96% дейін, немесе абсолютті көрсеткіштер – 801 000 адамға дейін ұлғайту көзделген.

"Ақтөбе қаласында аталған Жоба аясында салынған АГТС-300 Қазақстандағы ең қуатты болып табылады. Аталған жоба қуаттылықты арттыру және қалада жұмыс істеп тұрған АГТС-ке жүктемені азайту мақсатына жүзеге асырылды. Аталған нысанның құрылысы аясында 32 км жуық жаңа газ құбырлары тартылды, 2 газ қысымын реттеу бекеті салынды", - деп атап өтті "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ бас директоры Манас Тасыбаев.

"Ақтөбе облысының газ құбырлары желісі қазіргі уақытта облыстың 6 қаласы мен 85 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Облыстың қалған аудандарында әкелінген сұйылтылған көмірсутекті газ пайдаланылады. Аталған Жобаны іске асыру өңірдің өзекті қажеттіліктерін қамтамасыз ететін газ тасымалдау инфрақұрылымын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді", - деп баса айтты ҚДБ клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекциясының аға банкирі Әсем Шакенова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу