"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Еуразиялық даму банкісі алдындағы қарызын өтеді

1149

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ  7,7 млрд теңгеге несие жапқаны туралы хабарлады.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ  Еуразиялық даму банкісі алдындағы қарызын өтеді

Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансГаз" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2019 жылдың 05 қарашасындағы  баспасөз хабарламасын ұсынды.

"ҚазТрансГаз"  Еншілес кәсіпорны АҚ – "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ (әрі қарай – Қоғам) Еуразиялық даму банкінен 2016 жылдың 01 қарашасында алған сыйақы мөлшерлемесі жылдық  11%, сомасы 7,7 млрд. теңге міндеттемені толық төледі.

Қарызға алынған қаражат есебінен Қоғам Ақтөбе облысын газдандыру, жаңғырту және қайта құру бойынша жобаны жүзеге асырды.

Несиені толық жоспарлы өтеу Қоғамның жеке қаражаты есебінен орындалды.

Қарызды компанияның уақтылы өтеуі компанияның қаржылық тұрақтылығын, сондай-ақ қарыз саясатын және қарызды өтеуді тиімді жүргізетіндігін білдіреді. 

Қоғамға "Fitch Ratings" халықаралық рейтингі агенттігі ұзақ мерзімді рейтингін BBB- деңгейінде ұсынды, болжам "Тұрақты".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу