"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ филиалына 3,2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

1393

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның Түркістан өндірістік филиалына қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ филиалына 3,2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті тұтынушылардың арыздары бойынша әкімшілік іс қозғап, сотқа жолдаған.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының талқылауының нәтижесі бойынша, Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 164-бабының 4-бөлігімен 3 267 040 теңге көлемінде айыппұл салынған.

"Субъект тарапынан соттың қаулысына апелляциялық шағым беріп, Нұр-Сұлтан қаласының сотымен субъектінің апелляциялық шағымы бас тартылды және бірінші сатыдағы  соттың қаулысы өзгеріссіз қалдырылды", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу