"КазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

845

АҚ филиалы газ тасымалдау қызметіне монополиялық жоғары тарифті белгілеп, төлем алып отырған.

"КазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаментінің өндірісінде "КазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның лауазымды тұлғаларына қатысты жоғары тарифті қолдану арқылы негізсіз пайда табу дерегімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлады агенттіктіктің баспасөз қызметі.

2020-2021 жылдардағы заңсыз қызметтен түскен қаражат 2,3 млрд теңге екендігі анықталған.

"Тергеу барысында табиғи монополияларды реттеу Комитетінің өңірлік департаментіне белгіленген тарифтерге өзгерістер енгізу туралы ұсыным жасалып, нәтижесінде табиғи газ бағасына тариф төмендетілді.

Нәтижесінде, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның Қызылорда филиалымен газ тасымалдауға көрсетілетін қызмет үшін шекті тариф және монополистік бағаларды қолдану кезеңі үшін өтемдік тариф (әрбір 1000м3 көлемге 3 320,45 теңге) белгіленді.

Қызылорда облысының тұрғындары 2022 жылдың 1 тамызынан бастап газ үшін төмендетілген тарифке көшті", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу