"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Жезқазған филиалының басшысы тұрғындардан ақша талап еткен

283

Бұл туралы Қаржы мониторингтік агенттігі мәлім етті.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Жезқазған филиалының басшысы тұрғындардан ақша талап еткен Фото: ult.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Жезқазған филиалының басшысы мен бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Ұлытау облысындағы екі елді мекеннің тұрғындары Агенттіктің аумақтық Департаментке шағымданған. Агенттік қызметкерлерінің араласуынан кейін халық көгілдір отынға қолдануға мүмкіндік алған. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Қабанбай батыр кенті мен Талап ауылында ұзақ уақыт бойы газ тарату желісінің жабдығына қосылу мүмкіндігі болмаған. Ал "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Жезқазған филиалының басшысы мен бас маманы азаматтардан 70-тен 300 мың теңгеге дейін ақшалай сыйақы сұраған.

"Олар бұл қаражатты тұрғын үйлер мен шаруашылық объектілерін газдандыру бойынша монтаждау жұмыстарының  сапасын тексермей, кедергісіз қабылдау үшін талап еткен. Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады  Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қазіргі уақытта аталған елді мекендерді газдандыру мәселесі шешілді, тұрғындардың үйлеріне табиғи газ жеткізілді", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу