ҚазТрансГаз Аймақ филиалына 6 миллион теңге айыппұл салынды

507

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

ҚазТрансГаз Аймақ филиалына 6 миллион теңге айыппұл салынды Фото: el.kz

ҚазТрансГаз Аймақ Маңғыстау облыстық филиалына бәсекелестік туралы заңды бұзғаны үшін 6 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бәсекелестікті қорғау мақсатында жүзеге асырылатын монополияға қарсы реттеу жолымен тұтынушыларды табиғи газға қосу кезінде дәнекерлеу-монтаждау жұмыстары қызметі бойынша нарығындағы "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ филиалының іс-әрекеттерінде монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталды.

Айта кету керек, бұл нарық бәсекелестік ортаға жатады.

"ҚазТрансГаз Аймақ барлық жұмыс көлемін бір ғана субъектіге беріп отырған, осылайша бәсекелестікті шектеп, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарына қысым келтірген. Монополиялық қызмет заңмен шектеледі. Айыппұл монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің бес пайызы мөлшерiнде салынды", - делінген хабарламада. 

Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен филиалға 6 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу