"ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясы монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл арқалады

482

Тұтынушылар мен кәсіпкерлік субъектілері тауарлық газға қосылған кезде қолданыстағы газ құбырына желілерді қосқаны үшін ақы төлемеуі тиіс.

"ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясы монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл арқалады

Қызметтің бұл түрлері ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды дамыту комитетінің аумақтық департаменті бекіткен тариф бойынша "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ тауарлық газды тасымалдау бойынша реттелетін қызметке кіреді.

Маңғыстау облысында халықтың 99% газдандырылған. Нарықта дәнекерлеу-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыратын жүзден астам субъект жұмыс істейді.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ "Gas Qurylys" ЖШС үшін ерекше жағдай жасап, оған негізгі жұмыс көлемін беріп, сол арқылы нарықтағы бәсекелестікті шектегені анықталды. Акционерлік қоғамның іс- әрекеттерінде Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабында көзделген бұзушылық белгілері, атап айтқанда, нарықтың басқа субъектілеріне тауар нарығына кіруге кедергілер жасау жолымен үстемдік немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгіленді", - деп хабарлады монополияға қарсы департамент.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-1-бөлігі  бойынша хаттама жасалды.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 6 074 323 теңгеге айыппұл салды.

Бұл "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның алғашқы бұзушылығы емес. Өткен жылы "ҚазТрансГаз Аймақ" барлық жұмыс көлемін тек бір субъектіге бергені, сол арқылы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарына нұқсан келтіргені белгілі болды.                        

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу