"ҚазТрансГаз Аймақ" түркістандық кәсіпкерлерге жоғары тариф есептеген

619

Кәсіпкерлерден негізсіз өндірілген 4,7 млн теңге қайтарылды. 

"ҚазТрансГаз Аймақ" түркістандық кәсіпкерлерге жоғары тариф есептеген Фото: OTYRAR

Түркістан облысы кәсіпкерлеріне жоғары тариф заңсыз есептелген, деп жазады inbusiness.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс прокуратурасы тауарлық газ тұтынушыларының құқықтары бұзылғанын анықтады.

Ақпаратқа сәйкес, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Түркістан өндірістік филиалы  кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға заңсыз талаптар жүктелген.

"Нәтижесінде, газды тұтынудың тәуліктік көлемі артқан кезде оларға әр тәулік үшін 1,2 – 1,5 мөлшерінде жоғары коэффициент қолданылған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұндай талаптар тек өнеркәсіптік тұтынушыларға таратылып қолданылуы мүмкін. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша өнім берушінің жоғары коэффициентті қолдану мүмкіндігі жойылды. Сонымен қатар 37 кәсіпкердің құқықтары қорғалып, оларға негізсіз өндірілген 4,7 млн теңге қайтарылды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу