"ҚазТрансГаз" АҚ түрікмен газын Ресейге транзиттеуді қайта бастады

1153

Қазақстанның газ тасымалдау жүйесі арқылы түрікмен газының транзиті 2016 жылдан бастап тоқтатылған болатын. 

 "ҚазТрансГаз" АҚ түрікмен газын Ресейге транзиттеуді қайта бастады

"ҚазТрансГаз" АҚ "Орта Азия Орталық" магистральдық газ құбырымен Ресейге Қазақстан аумағы арқылы түрікмен тауарлық газын транзиттеуді қайта бастады, деп хабарлайды компанияның баспасөз-қызметі.

Аталған магистральдық газ құбырымен түрікмен газын тасымалдау көлемі тәулігіне 15 млн текше метрді құрайды.

Жалпы Қазақстан аумағы арқылы транзитті қайта бастаған сәттен бері 220 млн текше метрден астам  газ тасымалданды.

Еске сала кетсек, Қазақстанның газ тасымалдау жүйесі арқылы түрікмен газының транзиті 2016 жылдан бастап тоқтатылған болатын. 

2019 жылдың басында Түрікменстан мен Ресей Федерациясының арасында  газ саласындағы 2028 жылға дейінгі ынтымақтастық жөніндегі қолданыстағы үкіметаралық келісім шеңберінде газды жеткізуді қайта қолға алу туралы уағдаластық жасалды. Бұл бірден үш мемлекетке газ саласында өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастыруға мүмкіндік берді.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу