"ҚазТрансГаз" инвесторларға газды өнімнің өзіндік құнымен сатады

1077

Инвесторлар бұл өзгеріспен келісті.

"ҚазТрансГаз" инвесторларға газды өнімнің өзіндік құнымен сатады

"ҚазТрансГаз"-дың ішкі нарықтағы бағасы өзін-өзі ақтамайды. Соның салдарынан компания шығынға ұшырап отыр. Аталған жағдай газ-химия секторындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға да кедергі келтіруде. Сондықтан энергетика министрлігі "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды abctv.kz.

"Қазақстанда газға қатысты екі баға бар. Бірі – экспорттық баға, екіншісі – ішкі нарықтағы баға. Компания үшін алғашқысы – тиімді, табысты. Екіншісі – тиімсіз, шығынды. Өйткені, ішкі нарықтың бағасы тиісті кен орындарынан алынатын өнім бағасынан төмен", – деді энергетика вице-министрі
Мағзұм Мырзағалиев әділет министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Егер компания инвесторға ішкі нарықтық бағамен сататын болса, оның шығыны одан сайын ұлғая бермек.

"Сондықтан нарықтағы ойыншылармен, инвесторлармен келісе отырып, жаңа механизмді ойлап таптық. Осылайша, ұлттық оператор инвесторларға қажетті газды өнімнің өзіндік құнымен сатады. Бұдан бөлек 7 пайыздық маржа төленеді. Сонда ұлттық оператор газды шығынсыз сатуға мүмкіндік алады. Бұл өзгеріс инвесторларды да, ұлттық операторды да қанағаттандырып отыр", – деп толықтырды сөзін Мағзұм Мырзағалиев.

Вице-министрдің сөзінше, бүгінде министрлікте пысықталып жатқан газ-химия саласындағы инвестициялық жобалардың жалпы құны 10 млрд АҚШ долларынан асып түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу