"ҚазТрансГаз" "ҚазМұнайГаздың" бақылауында қала береді

797

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ және "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ "ҚазТрансГаз" АҚ-ның 100% жай акцияларына қатысты сенімгерлік басқару шартына қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМГ сайтына сілтеме жасап.

"ҚазТрансГаз" "ҚазМұнайГаздың" бақылауында қала береді

Сенімгерлік басқару шарты қорға ҚТГ дамуының стратегиялық маңызды мәселелері бойынша қолдау көрсетуге, соның ішінде ішкі нарықта газ бағасын белгілеуді реттеу жұмыстарын жетілдіру, газ тасымалдау жүйесін жаңғырту мен кеңейту, ел өңірлерін әрі қарай газбен қамту үшін ҚТГ-ның басқару ісіне белсенді қатысуға мүмкіндік бермек.

"Шарт талаптарына сәйкес ҚМГ "ҚазТрансГазға" толық бақылауын сақтап қалады және оның бенефициар меншік иесі болып қалады. Алдағы уақытта да ҚТГ халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша ҚМГ қаржылық есептілігінде шоғырланатын болады. Шарт ҚТГ акцияларын сату немесе иеліктен шығаруды білдірмейді. ҚМГ мен ҚТГ-ның еурооблигациялары және басқа да халықаралық міндеттемелердегі ковенанттарды сақтау арқылы жасалып, кредиторларының келісімін алуды қажет етпейді. СБШ және оның талаптары ҚМГ мен ҚТГ-ның халықаралық кредит рейтингтерінің ағымдағы деңгейлерін сақтап қалуға ықпал етеді",– деп жазылған ҚМГ сайтында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу