"ҚазТрансГазАймақ" айыппұл арқалады

1216

Акционерлік қоғамның филиалы табиғи монополия талаптарын бұзған.

"ҚазТрансГазАймақ" айыппұл арқалады

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі "ҚазТрансГазАймақ" акционерлік қоғамының Атырау облыстық филиалынан 4,04 млн теңге айыппұл өндірілгенін хабарлады. 

"Кәсіпорынға "Табиғи монополиялар туралы" Заңның 24-бабының 10-тармағындағы 3 тармақшаның талаптарын бұзғаны үшін 1600 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Яғни, компания филиалы табиғи монополия субьектісінің реттелетін қызметіне рұқсат беру үшін басы артық талаптар қойған", – делінген комитеттің ақпаратында.  

Есжан Ботақара
    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу