KazTransOil Өзбекстанға 25 мың тонна ресейлік мұнайды жіберуді бастады

446

2023 жылы KazTransOil АҚ магистральдық мұнай құбырлары арқылы Ресей мұнайының Өзбекстанға жіберілетін көлемі 250 мың тоннаны құрайды.  

KazTransOil Өзбекстанға 25 мың тонна ресейлік мұнайды жіберуді бастады Фото: kaztransoil.kz

KazTransOil "Омбы – Павлодар – Шымкент – Шағыр мұнай құю эстакадасы" (теміржол цистерналарына құю) бағыты бойынша Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға 25 мың тонна Ресей мұнайын жеткізуді бастады, деп хабарлайды Inbusiness.kz компания баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұнайды тасымалдау Қазақстанның Энергетика министрлігі бекіткен мұнайды жеткізу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу