Германия мен Қытайға мұнай жеткізу көлемі артты

133

"ҚазТрансОйл" 2026 жылдың I тоқсанындағы өндірістік қорытындысын жариялады.  

Германия мен Қытайға мұнай жеткізу көлемі артты Фото: t.me/kmgpress

Компанияның деректеріне сәйкес, мұнай тасымалдау мен мұнай өнімдерін ауыстырып тиеудің шоғырландырылған көлемі 11,9 млн тоннадан асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 705 мың тоннаға көп, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жеке магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша тасымал көлемі 11,7 млн тонна болып, 2025 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 833 мың тоннаға артты. Шоғырландырылған жүк айналымы 11,2 млрд тонна-километрді құрады.

Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарына жеткізілген мұнай көлемі 4,4 млн тоннаға жетті.

Оның ішінде:

  • Атырау МӨЗ – 1,458 млн тонна;
  • Павлодар МХЗ – 1,591 млн тонна; 
  • ПетроКазахстан Ойл Продактс – 1,323 млн тонна;
  • CASPI BITUM – 40 мың тонна.

Экспорт бағыттарында да өсім байқалды. "Атырау – Самара" учаскесі бойынша тасымал көлемі 2,6 млн тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 212 мың тоннаға артты.

Германияға жеткізу үшін "Транснефть" жүйесіне мұнай беру көлемі 730 мың тоннаға дейін өсті. "Атасу – Алашанькоу" құбырына құйылған мұнай көлемі 2,85 млн тонна, ал Каспий Құбыр Консорциумы жүйесіне тиеу 1,3 млн тонна болды.

Ақтау портында танкерлерге құйылған мұнай көлемі 853 мың тоннаға жетіп, оның ішінде "Баку – Тбилиси – Джейхан" бағыты бойынша 346 мың тонна тасымалданды.

Сонымен қатар, "Қазақстан–Қытай Құбыры" ЖШС арқылы 4,95 млн тонна, "МұнайТас" СБҚК арқылы 1,6 млн тонна мұнай тасымалданды. "Батуми мұнай терминалы" және "Petrotrans Limited" компанияларының топтары бойынша мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстырып тиеу көлемі 203 мың тонна болды.

Ал "Магистральдық су құбыры" ЖШС Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына 5,39 млн м³ тұщы су жеткізді.

Компания ішкі нарыққа жеткізуді тұрақты деңгейде сақтап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу