2023 жылдың 1 тоқсанында "ҚазТрансОйл" АҚ Германияға одан әрі жеткізу үшін "Адамова застава" мұнай тапсыру пунктінің бағыты бойынша 39 897 тонна қазақстандық мұнайды тасымалдады. Бұл туралы inbusiness.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан Республикасының энергетика министрлігі бекіткен мұнайды тасымалдау кестесіне сәйкес "ҚазТрансОйл" АҚ сәуір айында "Адамова застава" мұнайды тапсыру пунктінің бағыты бойынша "Транснефть" ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Германияға 100 мың тонна қазақстандық мұнайды тасымалдауды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу