"ҚазТрансОйл" Германияға мұнай тасымалын 100 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр

Биылғы жылдың ақпан-наурыз айларында "ҚазТрансОйл" АҚ Германияға 40 мың тонна мөлшерінде қазақстандық мұнай жөнелтті.  

"ҚазТрансОйл" Германияға мұнай тасымалын 100 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр Фото: inform.kz

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен мұнай тасымалы кестесіне сай, "ҚазТрансОйл" АҚ сәуір айында 100 мың тонна мөлшерінде қазақстандық мұнайды "Дружба" мұнай құбырымен "Адамова застава" мұнай бекеті арқылы әрі қарай Германияға жеткізуді жоспарлап отыр.

Биылғы жылдың ақпан-наурыз айларында "ҚазТрансОйл" АҚ Германияға 40 мың тонна мөлшерінде қазақстандық мұнай жөнелтті, деп жазады inbusiness.kz.

2022 жылдың желтоқсан айында "ҚазТрансОйл" АҚ 2023 жылы 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды "Транснефть" ЖАҚ магистралды мұнай құбырымен "Адамова застава" мұнай бекеті арқылы Германияға жеткізуге өтінім берген болатын.

Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы келісім шеңберінде жүзеге асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу