"ҚазТрансОйл" Қазақстан арқылы мұнай экспортына және транзитке тасымалдау тарифтерін көтереді

622

Тарифтер мұнайды құю түріне қарай әртүрлі. 

"ҚазТрансОйл" Қазақстан арқылы мұнай экспортына және транзитке тасымалдау тарифтерін көтереді Фото: kaztransoil.kz

1 мамырдан бастап "ҚазТрансОйл" АҚ мұнай экспортына және Қазақстан арқылы транзит тарифтерін көтерді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Т.Қасымова атындағы стансада темір жол цистерналарына мұнай құю тарифі 1 мамырдан бастап 1 тоннасы 1213,20 теңгені құрайды (бұрын тариф 409,57 теңге болатын).   

Т.Қасымов атындағы стансада Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жүйесіне мұнайды жылытусыз құю – 1 тоннаға 263,49 теңгені болады (бұрын 122,91 теңге).

Ал КҚК жүйесіне мұнайды жылыту арқылы құю – 1 тоннаға 320,09 теңгеге теңеспек (бұрын 128,43 теңге).

"Мақат" мұнай айдау станциясында "Кеңқияқ – Атырау" мұнай құбырына мұнайды ауыстырып тиеу тарифі 1 тоннаға 2 283,27 теңге (бұрын 1 118,10 теңге) болып белгіленді. Ал "Кеңқияқ" бас мұнай айдау стансасында мұнайды ауыстырып тиеу – 1 тоннаға 337,5 теңге (бұрын 89,15 теңге).

Шманова Н.Н. атындағы стансада мұнайды ауыстырып, тиеу бір бағыттағы операторлық қызметтің тарифі 1 тоннаға 84,47 теңге (41,45 теңге), Қазақстаннан тысқары жерлерге экспорттау мақсатында "Кеңқияқ – Атырау" мұнай құбырына 1 тоннасына 1000 теңгеге жоғарыламақ (бұрын 500 теңге болатын).

Барлық тариф қосылған құн салығынсыз көрсетілген. 

Еске сала кетсек, "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырының ұлттық операторы болып табылады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу