"ҚазТрансОйл" компаниясының табысы азайды

666

Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне енген, үлесінің 90%-ы "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясына тиесілі "ҚазТрансОйл" биылғы тоғыз айдағы қаржылық табысын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап.      

"ҚазТрансОйл" компаниясының табысы азайды Фото: kaztag.kz

"2022 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ шоғырландырылған түсім көлемі 179 млрд 650,7 млн теңгені құрады. Бұл 2021 жылдың 9 айдағы көрсеткіштен 1,4% жоғары. 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 25 млрд 153,3 млн теңгені құрады. Бұл 2021 жылдың 9 айдағы көрсеткіштен 49% төмен", - делінген компания таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу