"ҚазТрансОйл" отандық компаниялармен 29 миллиард теңгеге келісім жасады

842

Жалпы алғанда өткен жылы компанияда қазақстандық компаниялардан сатып алу құны 124 млрд теңгеден асты.

"ҚазТрансОйл" отандық компаниялармен 29 миллиард теңгеге келісім жасады

2018 жылы "ҚазТрансОйл" АҚ отандық компаниялар өндіретін өнімді жеткізуге 29 млрд теңгеге, жергілікті компаниялардың қызмет көрсетуіне 94 млрд теңгеден астам қаржыға келісім жасады, деп хабарлайды жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті.

Жалпы алғанда өткен жылы компанияда қазақстандық компаниялардан сатып алу құны 124 млрд теңгеден асты.

"ҚазТрансОйл" АҚ отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетуші компанияларды жан-жақты қолдайды. 2018 жылы біз 17 отандық тауар өндіруші компаниямен 37 ұзақ мерзімді келісім-шартқа қол қойдық. Алдағы уақытта келісімге келген компаниялармен 5 жыл бойы жұмыс істейтін боламыз. Бұл әрине өндірістік, кадрлық ресурстары бар, өнімінің сапасы жақсы, көрсетілетін қызметі жоғары, әрі біздің компанияның талабына сәйкес келетін отандық компаниялар", − дейді "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының орынбасары Шыңғыс Сейсекенов.

Компанияда соңғы жылдары отандық тауар өндіруші кәсіпорындарды қолдау бойынша оңтайлы динамика байқалады. Егер 2016-2017 жылдары компанияда сатып алу үлесінде жергілікті мазмұн еншілес және бірлескен бақылаудағы ұйымдарды қоса алғанда 70% құраса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 73% артты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу