"ҚазТрансОйлдың" жылу тарифтері төмендетілді

1253

"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15-тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифтік сметаны орындауға міндетті.

"ҚазТрансОйлдың" жылу тарифтері төмендетілді

"ҚазТрансОйл" АҚ-ның тарифтік сметаларының орындалуына талдау жүргізіліп, кемшіліктер анықталған. Нақтырақ айтсақ, 2020 жылға бекітілген жылу энергиясын беру және бөлуге қатысты бекітілген тарифтік смета дұрыс орындалмаған. Негізсіз алынған кірістің жалпы сомасы – 5,09 мың теңге, деп хабарлайды inbusiness.kz Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сондай-ақ жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған шығындар баптарының орындалмауы анықталды. Онда шешім қабылдау сәтіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып негізсіз алынған кірістің жалпы сомасы 98,23 мың теңгені құрады. Осыған байланысты, Табиғи монополияларды реттеу комитеті тұтынушылардың құқықтарын қалпына келтіру мақсатында, табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес уақытша өтемдік тариф енгізу арқылы негізсіз алынған кірісті қайтару бөлігінде шаралар қабылдады", – дейді комитеттен.

"ҚазТрансОйл" АҚ-ның жылу энергиясын беру және бөлу бойынша уақытша өтемдік тарифтің деңгейі 1 жылға 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 0,29%-ға төмендеп, ҚҚС-сыз 269,51 теңге/Гкалды құрайды (ҚҚС-сыз 270,29-дан 269,51 теңге/Гкал-ға дейін).

Жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу бойынша уақытша өтемдік тарифтің деңгейі 1 жылға 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 0,60%-ға төмендеп, оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша сараланып ҚҚС-сыз 6018,38 теңге/Гкалды құрайды (орташа орташа өткізу тарифі – ҚҚС-сыз 6054,65-тен 6018,38 теңге/Гкалға, халық, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ халыққа коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындар ҚҚС-сыз 1723,29-дан 1712,97 теңге/Гкалға және өндірістік кәсіпорындар және коммерциялық ұйымдар ҚҚС-сыз 11801,89-дан 11731,19 теңге/Гкалға).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу