кaztube.kz видео-порталы аукционда сатылады

907

Бастапқы құны 99,9 млн теңге деп белгіленді. 

кaztube.kz видео-порталы аукционда сатылады

 www.kaztube.kz видео-порталы gosreestr.kz сайты арқылы сатуға шығарылды. Бастапқы құны 99,9 млн теңге деп белгіленді. Саудаға қатысушылар 4,9 млн теңге  кепілді жарна төлеуі керек. 

Видео-портал аукционда бағаны арзандату тәсілімен сатылады. Бірақ ол баға   33,3 млн теңгеден төмен болмауы тиіс. Портал саудасы 6 маусымға жоспарланған. 

Қазіргі уақытта видео-порталдың меншік иесі – "Қазконтент" АҚ. Жылына  5 миллионнан астам адам кіретін портал 2009 жылы құрылған.

Меңтай Шыңғысқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу