ҚазҰАЗУ зооинженерлерді қайтадан дайындайтын болады

471

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті білікті зооинженерлерді дайындамақ.  

ҚазҰАЗУ зооинженерлерді қайтадан дайындайтын болады Фото: gov.kz

ЖОО-да "Технология және биоресурстар" факультетінің атауын "Зооинженерия және тамақ өндірісінің технологиясы", ал "Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы" кафедрасының атауын "Зооинженерия"  кафедрасына өзгерту, сол арқылы осы бағыт бойынша мамандарды даярлауды күшейту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Факультет түлектері ауыл шаруашылығы жануарларының генетикасы мен селекциясымен, зоотехникалық және асыл тұқымды есепке алумен айналыса алады. Сондай-ақ олардың құзыретіне мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұйымдастыру мен бақылау кіреді.

Жақында университетте өткен байқаудың нәтижесі бойынша факультет деканы мен кафедра меңгерушісі қайта тағайындалды. Олар өздерінің біліктілігі мен білімін, сондай-ақ ғылым мен жоғары білім саласындағы жұмыс тәжірибесін көрнекі түрде көрсете алды.

Қазіргі кезде мал шаруашылығы саласында білікті мамандар тапшы болып тұр.

Жақын арада кадрларды, оның ішінде зооинженерлерді даярлау үшін ҚазҰАЗУ-да жетекші шетелдік профессорлардың қатысуымен оқу бағдарламаларын жаңғырту, сондай-ақ студенттерді практикалық оқытуды күшейту жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу