ҚазҰМУ жанынан аурухана салынады

1074

ҚазҰМУ жанынан аурухана салынады

Бүгін Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) және Kazakhstan project preparation fund (KPPF) С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде көп профильді аурухана салу үшін МЖӘ жобасын әзірлеуге 1 миллион еуро қаражат құрайтын келісімшарт жасасты.   

Келісімге ЕҚҚДБ президенті Сума Чакрабарти және "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов қол қойды. Ісшара ҚР президентінің төрағалығымен өтетін шетелдік инвесторлар кеңесінің 31-ші пленарлық отырысы қарсаңында ұйымдастырылды. 

Өз сөзінде Айдар Әріпханов, жаңа келісім инвесторларды тиімді тарту үшін МЖӘ жобаларын құрудың табысты үлгісі болатынын және басқа инфрақұрылымдық жобалардың даму катализаторы болады деп атап өтті.

"Біз қала инфрақұрылымын дамытуға қосқан ортақ үлесімізді мақтан тұтамыз. Алматыда көп бейінді аурухананы ашуымыз осындай маңызды жобалардың бірі болып табылады. Біз Түркияда осындай екі жобаны жүзеге асырып үлгердік, енді бұл тәжірибені біз Қазақстанда дамытатын боламыз. Бұл денсаулық сақтау саласындағы болашақ халықаралық МЖӘ жобалары үшін үлгі болады деп сенемін", – деді Сума Чакрабарти.

Келісімшартты "Қазақстандық жобаны дайындау қоры" ЖШС орындайды. Келісім аясында Еуропалық қайта құру және даму банкі ҚазҰМУ жанында көп бейінді аурухана салу үшін халықаралық кеңесшілерді тартуға арналған техникалық көмек көрсетеді.

Жоба бойынша университетте көп қабатты аурухана (300 орындық) және емхана (тәулігіне 300 рет келу) салынады. Аталмыш жобаның басты ерекшелігі – бұл жұмыс үшін негіз ретінде үш жақты қағидат - клиникалық жұмыс, білім беру және ғылыми қызмет - қабылданады. Жоғары білікті профессорлар, доценттер, ҚазҰМУ қызметкерлерін емдеу - диагностикалық жұмыстарға тарту арқылы медициналық көмектің сапасын арттыру жоспарлануда. Бұл жағдайда ең тәжірибелі мамандар ҚазҰМУ кафедраларының қызметкерлері болады.

Осылайша білім мен тәжірибе алмасу үздіксіз орнатылады. Елдің жетекші медициналық университетінің прогрессивті клиникамен өзара әрекеттесуі клиникалық үдерісте ғылымның жетістіктерін енгізуге және жаңа буын медицина қызметкерлерін табысты дайындауға мүмкіндік береді. Құрылыстың басталуы 2020 жылы жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу