ҚазҰУ аумағынан заңсыз меншіктелген жер кері қайтарылды

579

Сот шешімімен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аумағынан бұрын иеліктен шығарылған жер қайтарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

ҚазҰУ аумағынан заңсыз меншіктелген жер кері қайтарылды Фото: inform.kz

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Алматы қаласы Жер ресурстарын басқару департаменті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аумағының жекеменшікке өтіп кеткен аймағына қатысты тексеріс жүргізді. Тексеру барысында Алматы қаласы әкімдігі қолданыстағы заңнаманың талаптарын бұзып, Ұлттық университет территориясының бір бөлігін заңсыз меншіктеуге жол бергенін анықтады", – делінген хабарламада.

Алматының ауданаралық-экономикалық соты қаланың Жер ресурстарын басқару департаменті мен Omirex ЖШС,  Atlas Development ЖШС ҚазҰУ өтінішін толық қарастырды. Арнайы қабылданған қаулыда сатып алу – сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап қойылды.

"ҚР Жер кодексінің 43, 48-баптарының нормаларын бұзғаны дәлелденді. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 21 қазандағы шешімімен судья Д.Нұрбековтің төрағалығымен Алматы қаласы Жер ресурстарын басқару департаментінің талап-арызы толық қанағаттандырылып, сот қаулылар мен сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп таныды", – делінген Алматы қаласы Жер ресурстарын басқару департаментінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу