ҚазҰУ БҰҰ-ның сенімді серіктесі болды

1259

ҚазҰУ БҰҰ-ның сенімді серіктесі болды

БҰҰ Бас хатшылығы қызметіне кіріскелі отырған Антониу Гутерреш әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, ака­демик Ғалымқайыр Мұтанұлына хат жолдап, оның университеттің БҰҰ-мен же­­­місті ынтымақтастық орнатуына қос­қан сүбелі үлесі үшін алғыс білдірді, деп жазады aikyn.kz

БҰҰ Бас хатшысы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға қазіргі жаһандық мәселелерді шешудегі сенімді серіктесі ретінде шынайы ризашылығын білдірді.

"Мен сіздермен бірге барша адамзаттың бақытты өміріне бағытталған жұмыс­тарды атқаруға асықпын", деп атап өтті Антониу Гутерреш. 


Өз хатында Бас хатшы БҰҰ ұста­ным­дары мен бастамаларын алға жылжытудағы және халықаралық ұйымның өркениеттің өзекті мәселе­лерін шешудегі медиатор және жасам­паз "көпір" рөліндегі қызметінің ашық­тығы мен шынайылығын қамта­масыз ететін достық көңіл-күйді орнатудағы ҚазҰУ-дың БҰҰ-ның "Академиялық ықпал" жаһандық хабы ретіндегі маңызды рөлін атап өтті. 

Айта кету керек, әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ Орталық Азиядағы тұрақты даму бойынша БҰҰ-ның "Академиялық ықпал" жаһандық хабын және ЮНЕСКО-ның аймақтық хабын бас­қара отырып, Біріккен ұлттар ұйы­мының өзіне жүктеген міндетін нәтижелі орындауда. Осылайша, ҚазҰУ ҚР Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың "Жасыл көпір" және G-Global бастамаларының энергоэкология­лық стратегиясына қолдау ретінде ТМД университеттері ішінде жалғыз RIO+20 Әлемдік саммитінде секция ашу жоғары мәртебесіне ие болды. Колумбия уни­верситетімен бірге ҚазҰУ-да тұрақты даму бойынша мамандар даярлайтын MDP Global Classroom бағдарламасы сәтті жүзеге асуда. Сондай-ақ универ­ситет "БҰҰ моделі – Жаңа Жібек жолы" дүниежүзілік студенттік бағдарлама-ойынының бір бөлігі болып табылады.
Ұлттық университет жаһандық мәселелерді шешуге арналған көптеген халықаралық деңгейдегі бастамалар мен ауқымды жобаларды жүзеге асыруда ең белсенді әрі тиімді алаңдар­дың бірі болып табылады. Мысалы, ҚазҰУ тұрақты даму мәселесі бойынша университеттердің халықаралық консор­циумын құруға бастама жасады. Аймақтағы интеграциялық үдерістердің қозғаушы күшіне айналған ІІІ Азия университеттері ректорларының форумын ұйымдастырды. Университет БҰҰ Өркениеттер альянсі VII Ғаламдық форумына белсене қатысып, "Әл-Фараби – өркениет философы" сек­циясын ашты және қайырымды қоғам дамуының тұжырымдамасын көрсетіп, шетелдік ғылыми элита арасында жо­ғары бағаға әрі қолдауға ие болды. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мың­жылдық мәселелерін шешуге бағыт­талған БҰҰ бастамаларын ілгерілету ісінде мойындалған көшбасшы болып табылады. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррештің жоғары бағасы Қазақ­станның және ұлттық оқу орнының әлемдік беделін, оның халықаралық білім беру кеңістігіндегі танымал­дылығын тағы бір рет дәлелдеп берді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу