Әлеуметтік желіде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті өзін жарақаттамақ болды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, бүгін ҚазҰУ-де тағы бір қыз өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген көрінеді. Бұл ақпаратты көпшілікке жария етпей, жасырып отырған көрінеді. Десе де, құқық қорғау органында бұл дерек тіркелген", – деп жазды заңгер Мейірман Шекеев.
Қалалық полиция департаменті бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Оқиғаның мегаполистегі нақты қай университетте болғаны айтылмады.
"Алдын ала мәлімет бойынша, оқу орындарының бірінде студент қыз өзіне жеңіл жарақат келтірген. Оған медициналық көмек көрсетілді", – делінген хабарламада.
Айта кету керек, бұған дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқитын студент қаза тапқанын жазғанбыз.