"KazUzGeoNomads": Қазақстан мен Өзбекстан университеттері халықаралық жоба бастады

58

Геология және тау-кен саласы студенттері өндірістік тәжірибеден өтіп, екі елде білім алмасады.  

"KazUzGeoNomads": Қазақстан мен Өзбекстан университеттері халықаралық жоба бастады Фото: gov.kz

Қазақстан мен Өзбекстанның жетекші техникалық жоғары оқу орындары бірлескен "KazUzGeoNomads" халықаралық оқу-өндірістік жобасын іске қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ауқымды бастама геология, тау-кен ісі және мұнай-газ саласында білім алып жатқан студенттердің академиялық, практикалық және мәдени байланысын нығайтуға бағытталған.

Қазіргі жаһандану жағдайында тек теориялық білім жеткіліксіз екені атап өтілді. Осыған байланысты халықаралық тәжірибесі бар, заманауи технологияларды меңгерген мамандарға сұраныс артып отыр. "KazUzGeoNomads" жобасы болашақ мамандар үшін кәсіби дамуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналмақ.

Жоба аясында қатысушылар бір ай бойы Қазақстан мен Өзбекстан аумағындағы ірі өндірістік нысандарда, ғылыми орталықтарда және жоғары оқу орындарында өндірістік тәжірибеден өтеді. Сонымен қатар студенттер сала мамандарымен тәжірибе алмасып, екі ел арасындағы ғылыми-білім беру байланысын дамытуға үлес қосады.

Халықаралық жобаның серіктестері қатарында University of Geological Sciences (Ташкент), Navoi State University of Mining and Technologies, сондай-ақ Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті бар.

Бағдарлама бірнеше кезеңнен тұрады. Жоба 25 мамырда Өзбекстанның Навои қаласында басталды. Одан кейін 1–2 маусым күндері Ташкентте, 15–19 маусымда Атырауда, 22–28 маусым аралығында Өскеменде жалғасады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, "KazUzGeoNomads" жобасы Орталық Азиядағы инженерлік білім беру мен халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін маңызды бастама болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу