ҚазҰЗТУ Қазатомөнеркәсібі үшін мамандар даярлайды

1368

ҚазҰЗТУ Қазатомөнеркәсібі үшін мамандар даярлайды

"Қазатомөнеркәсібі" ҰАК" АҚ мен Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті Атом және балама энергетика саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер және "Қазатомөнеркәсібі" ҰАК" АҚ-на кадрлар дайындау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекітті. Бұл туралы компанияның ресми сайтында жарияланып отыр.

Құжатқа "Қазатомөнеркәсібі" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев пен "ҚазҰЗТУ" КАҚ ректоры Ескендір Бейсембетов қолдарын қойды.

Аталмыш Келісім аясында жүргізілетін уран және сирек жер металдар өндірісі саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер геологиялық барлау және өндіру, метрологиялық қамтамасыз ету, радиациялық және экологиялық қауіпсіздік, ЯОЦ, жаңа технологияларды коммерциализациялау жұмыстарын жетілдіруге едәуір үлес қоспақ.

Кездесу қорытындысы бойынша, "Қазатомөнеркәсібі" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев компанияға техникалық мамандықтар, әсіресе тау-кен ісі, геология және пайдалы қазбалар, кен орнын барлау, ЯОЦ саласындағы мамандарға әрқашан сұраныс болатынын айтты. Компания басшысы Қазатомөнеркәсібіне білікті мамандар үшін тамаша еңбек жағдайы жасалғанын да атап көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу