Қазыбек Иса: Орыс тілі туралы сөздерім контексінен үзіп алынған

1052

Мәжілістегі "Ақ жол" партиясының өкілі, депутат Қазыбек Иса кей жерде тараған ақпараттарда өзінің мемлекеттік тіл мен орыс тілі туралы айтқан сөздері контексінен үзіліп алынғанын мәлімдейді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Қазыбек Иса: Орыс тілі туралы сөздерім контексінен үзіп алынған

"Бүгін интернет желілерінде мені Конституциядан орыс тілін алып тастауды ұсынды және оны 39 депутат қолдады деген ақпарат тарады. Негізі бұл сөздер менің сөздерім контексінен үзіп алынғанын хабарлаймын", – деп жазады ол фейсбук парақшасында.

Ол өткен аптадағы депутаттық сауалында қазақ тілі мемлекетттік тіл ретінде Конституцияда "бекітілгенмен", бірақ осы уақытқа дейін мемлекеттік тіл туралы арнайы заң "жоқ екенін", Конституцияда көрсетілген мемлекеттік статустың өмірде іске асуы үшін "арнайы заң қабылдануы керек екенін" айттым дейді. 

Inbusiness.kz тілшісі депутаттың аталмыш депутаттық сауалын тыңдап шықты. Ол Тәуелсіздік алғалы отыз жылдан асса да орыс тілі басым болып отырғанын айтады.

"Екі тілге бірдей жағдай жасау деген – екіжүзділік. Ол – аштан өлгелі жатқан адамның аузынан асты жұлып алып, тоқтықтан жарыла жаздап жатқанның аузына тығу", дейді. Бірақ жоғарыда өзі айтқандай, сауалының соңында келтірген ұсыныстарында орыс тілін Ата заңнан алып тастауды ұсынбаған, мемлекеттік тіл туралы арнайы заң керегін айтқан және тағы да бірнеше ұсынысын енгізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу