Қазығұрт ауданында 20 отбасы баспаналы болды

1035

Түркістан облысында бастау алған "Қамқорлық" бағдарламасы бойынша 700-ден астам отбасы жан-жақты көмек алған.

Қазығұрт ауданында 20 отбасы баспаналы болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету туралы тапсырмасы бойынша Түркістан облысында "Қамқорлық" жобасы бастау алды, деп хабарлады облыстың баспасөз қызметі. 

Аймақтық "Қамқорлық" бағдарламасы Келес, Жетісай, Мақтаарал, Сарыағаш, Төлеби, Түлкібас, Арыс, Сайрам, Ордабасы, Бәйдібек аудандары мен Түркістан, Кентау қалаларын қамтиды. Жуырда ғана басталған жоба аясында Қазығұрт ауданында жеке баспанасы жоқ 20 отбасының барлығы үйлі болады. 

Жалпы облыста "Қамқорлық" бағдарламасы бастау алғалы 700-ден астам отбасы жан-жақты көмек алған. Бұдан бөлек әлеуметтің аз қамтылған тағы 1534 отбасыға жағдай жасау жоспарланған. Ол үшін жергілікті бюджеттен 1,6 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылмақ. 

Қайырымды іске жергілікті атқарушы орган өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары мен "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы және жеке кәсіпкерлер қолдау білдіруде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу