Жуырда облыстық мәслихаттың кезектен тыс өткен 14 сессиясында ОҚО басшысы осы туризм саласын дамытуға байланысты бірқатар тың жобалар жайында әңгіме етті. Өңір басшысының айтуынша алдағы уақытта Ордабасы тауында үш бидің еңселі ескерткіші тұрғызылса, ал Қазығұрт тауында кеме бейнесіндегі алып кешен салынбақ, деп хабарлайды shymkenttv.kz.
Жоба бойынша алып кеме бейнесіндегі бірнеше қабатты нысан салынады. Жоспар алдағы уақытта іске асып жатса, оның ішінде келушілерге қажетті барлық жағдай жасалмақ. Бұл әзірге жоба күйінде және елдің қалталы азаматтарына құлаққағыс ретінде айтылған жоспар. Әйтсе де, оның іске асарына сенім мол.
Қазір де "Кеме қалған" маңында құрылыстар жүргізілуде. Бірақ, ол салынатын нысан маңайын көріктендіру мен көркейтуге арналған жұмыстар.