Қазына қаржысын қайта қарайды

892

Қазына қаржысын қайта қарайды

ҚР Үкіметі 2017 жылға арналған бюджет параметрлерін қайта қарайды. Бұл туралы жарты жылға негізделген жұмыс жоспарын таныстыру барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті.

"Бірінші бағыт аясында бюджеттің үйлестірілуін реттеу мақсатында ақпанда әлеуметтік-экономикалық болжам мен 2017 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлері қайта қаралады", - деді министр үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, 2017 жылға негізделген алдын ала параметрлер даярланды. Айта кетейік, жалпы басты 9 бағыт бойынша 148 іс-шара жоспарланған. Оның ішінде ішкі жалпы өнім өсіміне қол жеткізу, жеке секторды дамыту және бәсекелестікті күшейтуге жағдай жасау, жеке инвестицияны тартуға басымдық бере отырып, экономиканы қаржыландыруды қамтамасыз ету, жаппай кәсіпкерлікті дамыту арқылы тұрғындардың табысын арттыру шаралары ескерілген. Сонымен қатар адам капиталын дамытуға бағытталған реформаларды тереңдету, жұмыспен қамту мен жұмыс орындарын ашу, мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыру, халықаралық индекстерде мемлекеттің рейтингін жоғарылату ескеріліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу