Қазынаға 7,9 млрд теңге түсті

994

Қазақстандықтар 8 млрд теңгеге жуық салықтық берешегін өтеді

Қазынаға 7,9 млрд теңге түсті

2019 жылғы 10 қазанындағы жағдай бойынша 334 127 жеке тұлға 7,9 млрд теңге көлемінде салықтық берешегін өтеп, 1,64 млрд теңге өсімпұл есептен шығарылды. Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті осындай ақпарат таратты.

Салықтық берешегін өтегендердің дені Алматы қаласынан – 65 042 тұрғын қарызын төлеген. Екінші орында Ақтөбе облысы – 34 68 адам, үшінші орында Қостанай облысы – 28 975 адам.

Жиналған салық қарызы бойынша осы аптадағы рейтингтің көшбасында Алматы қаласының тұрғыны тұр. Ол көлік салығы бойынша 1 862 999 теңге көлеміндегі негізгі борыш сомасын төлеген. Аталған сомадан 1,5 есе асып түсетін өсімпұлы есептен шығарылыпты (2 745 000 теңге).

Нұр-Сұлтан тұрғындары салықтық берешегі бойынша 483,9 млн теңгені өтеген. Қостанай облысында 459,8 млн теңге көлеміндегі салық берешегі өтелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу